Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында ЖИТС орталығының педагогы М.Матаева және дәрігер-эпидемиологы С.Жұлмағамбетова Ақтөбе қаласының №24 мектеп-гимназиясы мен №25 мектептің оқушыларымен кездесті. Кездесу тақырыбы: «АИТВ-жұқпасының алдын алу». Кездесулердің мақсаты: АИТВ-жұқпасының алдын алу, оқушылардың АИТВ-жұқпасының маңыздылығы туралы хабардар болуын қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлықты арттыру, толеранттылықты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. #вич #спид