• Телефон Доверия:
    8 (7132) 21-31-97 (анонимно)
    Телефон приемной:
    8 (7132) 21-01-78

  • Часы работы
    Пн-Пт:9.00 - 18.00

Бөлімдердің негізгі функциялары

Эпидемиологиялық  бөлім:
  • АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру.
  • АИТВ жағдайларына эпидемиологиялық зерттеу жүргізу, байланыста болған тұлғаларды анықтау, тексеру.
  • Ақтөбе облысы бойынша АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайына талдау жасау,
  • Облыс медұйымдарына, басқа да мүдделі құрылымдар мен ведомстволарға АИТВ/ЖИТС-ке қатысты эпидемиялогиялық сұрақтар бойынша тәжірибелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру; 
  • Қан қызметінің инфекциялық  қауіпсіздігіне баға беру;
  • облыс аумағындағы халықтың осал топтарын санын  бағалау бойынша зерттеу жүргізу; 
  • Ақтөбе қ.  шолғыншы  эпидемиологиялық қадағалау  жүргізу;
  • Апаттық жағдайлар кезінде АИТВ жұқтыру қаупі төнген тұлғаларды есепке алу және белгіленген мерзімде олардың тексерістен өтуін қадағалау;
 Профилактикалық бөлім:
  • АИТВ жұқпасының  таралу және алдын алу жолдары  туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру. 
  • Сенім бекеті (СБ) мен достық кабинетіне (ДК) әлеуметтік-психологиялық сипаттағы сұрақтар бойынша келіп қаралған тәуекел мінез-құлқындағы  тұлғаларға (ИЕТ;СҚ, ЕЖЕ) кеңес беруді және АИТВ жұқпасына жедел анықтау (экспресс-диагностика) жүргізуді қамтамасыз ету. 
  • «Тең-теңімен» қағидасы бойынша жұмыс жасау үшін ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ ішінен еріктілерді даярлап оқыту.
  • Іс-әрекеттегі бұйрықтарға сәйкес ДК мен СБ (мобильді, стационарлы) қызметін ұйымдастыру, ҮЕҰ т. б. практикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, кеңес беру көмегін көрсету. 
  • Бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, АИТВ/ЖИТС мәселелеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу.
  • АИТВ/ЖИТС алдын алу сұрақтары бойынша халықтың білім деңгейін зерделеу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізу.
  • Сауалнамалар дайындау, сауалнама нәтижесін талдау.
  • Өндірістік кәсіпорындар мен бизнес құрылымдардың жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. 
  • АИТВ/ЖИТС алдын алу сұрақтары бойынша орта, жоғарғы оқу орындарының, мектеп оқушыларын  және педагогтарды, түрлі ведомств мамандарын оқытуды ұйымдастыру.
 Ұйымдастыру-әдістемелік:
  • Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің, медициналық және қоғамдық ұйымдардың назарына жоғары тұрған ұйымның бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқаулық-әдістемелік ережелерін жүйелі түрде жеткізіп тұру.
  • Нормативтік-құқықтық актілерді уақытында орындау.
  • Нормативтік-құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау жобасына қатысу.
  • Жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау басқармасы органдарымен, әр түрлі ведомстволық және қоғамдық бірлестіктермен біріге отырып, АИТВ жұқпасының мәселелері бойынша алдын алу бағдарламаларын даярлауға қатысу.
  • Үйлестіру кеңесінің отырысына  АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша материалдар әзірлеу.
  • АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша алқа және емдеу-алдын алу кеңестерін өткізуді ұйымдастыру және қатысу.
  • Облыстағы АИТВ/ЖИТС індетінің эпидимиологиялық ахуалы бойынша ақпараттық бюллетеньдерді дайындау.
  • АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша конференциялар мен семинарларды, съездерді ұйымдастыру және қатысу.
  • Орталықтың  қызметі туралы  ҚР ДСМ-мен бекітілген статистикалық есеп беру аясында арнайы статистикалық жасалымдарды жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес орталықтың қызметі туралы статистикалық есептерді дайындау және ұйымдастыру.
  • Халықтың АИТВ-ға осал топтары үшін алдын алу бағдарламаларының тиімділігін бағалау және оның  мониторингі.
 Лабораториялық:
  • Серологические исследования (скрининг) на выявление суммарных антител к ВИЧ методом ИФА (иммуноферментного анализа)  с использованием диагностических тест-систем 3-4 поколения.
    • ИФА-анализ  первично-положительных сывороток на антитела к ВИЧ.
    • Направление положительных сывороток на верификацию в референс-лабораторию РЦСПИД  для проведения 2 и 3 этапа лабораторной диагностики ВИЧ-инфекции.
    • Исследования методом ИФА с сухой каплей капиллярной крови (СККК)  на ВИЧ, гепатит «С», сифилис при проведении ДЭН.
      • ИФА-диагностика парентеральных гепатитов, оппортунистических инфекций:
а) маркер  гепатита " В« (HBsAg)б) суммарные антитела гепатита „С“ (аHCV)в)цитомегаловируснаяинфекция (ЦМВ)г) вирус простого герпеса (ВПГ)д) токсоплазмоз (ТОХО)е) сифилис (суммарные антитела), а также:
  • общеклинические
  • гематологические
  • биохимические исследования.
  • Определение показателей иммунного статуса: СД4,СД3,СД8-Т-лимфоциты методом проточной цитометрии.
  • Верификация на ВИЧ инфекцию положительных результатов проб, доставленных из областного центра крови (ОЦК).
   Емдеу-алдын алу:Емдеу-профилактикалық жұмыстар бөлімі: 
  • Емдеу-алдын алу ұйымдарына АИТВ/ЖИТС алдын алу, диагностикалау, емдеу сұрақтары бойынша ұйымастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.Медицина қызметкерлерін халыққа АИТВ жұқпасы жөнінде сұрақтар бойынша тестке дейін және тестен кейін психоәлуметтік кеңес беруге оқытып, дайындау.АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен  ауыратындарды есепке алу, диспансерлік бақылау.Науқастарды клиникалық және зертханалық көрсеткіштері бойынша вирусқа қарсы ем (антиретровирустық — АРВ терапия) тағайындауға іріктеу.АРВ препараттарын қабылдау бойынша мониторинг жүргізу. Апаттық жағдайларда АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупін азайту мақсатында АРВ препараттарын тағайындау.АИТВ жұқпасының салдарынан пайда болатын қосалқы инфекцияларды емдеу және олардың алдын алу.АИТВ жұқпасының анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары.Емдеу-алдын алу мекемелерінде жүкті әйелдердің уақытында есепке тұруы мен олардың белгіленген мерзімде АИТВ жұқпасына тексерілуін бақылау.Босандыру мекемелеріндегі  АИТВ жұқпасына тексерілмей босануға түскен жүкті әйелдерге, уақытылы АИТВ-ға экспресс-тестілеудің жүргізілуін қадағалау.  АИТВ-ға тексерілу қортындысы оң нәтижелі болған жағдайда, диагнозды нақты қойғанға дейін науқастың күйзеліске түсуін болдырмау үшін, психопрофилактикалық жұмыстар жүргізу.