АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қорғау
АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімінен анықтама (20.07.2023 ж. жаңартылған), сонымен қатар
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына және «әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес (2-тарау 7-тармақ.3)
«2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылардың тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі»
7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірістерді есепке алмай көрсетіледі:
3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес алушының Екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және амбулаториялық емдеу кезеңіне арналған жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып жылына 6 ай көлемінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;»
Әлеуметтік көмек алу үшін пациент «Д» есепте болуы және антиретровирустық терапияға (бұдан әрі-АРВТ) бейімділікті ұстануы тиіс.