21
октябрь 2021
АИТВ жұқтырғандар COVID-19 вакцинасын ала алады ма?
Иә - және бірінші кезекте, өйткені АИТВ жұқтырғандар АИТВ - жұқпасы жоқ адамдарға қарағанда, COVID -19 ауыр ағымына сәл осал. Ең алдымен, АИТВ -мен қатар жүретін аурулары бар адамдарға (созылмалы өкпе аурулары, қант диабеті, гипертония, семіздік, бүйрек немесе бауыр аурулары, жүйке жүйесінің прогрессивті аурулары және т.б.) вакцинациялау ұсынылады. Кез келген созылмалы аурудың өршуі кезінде немесе ауыр иммун тапшылығы кезінде (CD4 <200 жасуша / мкл) вакцинациядан бұрын міндетті түрде инфекционистпен кеңесу қажет.