• Телефон Доверия:
    8 (7132) 21-31-97 (анонимно)
    Телефон приемной:
    8 (7132) 21-01-78

  • Часы работы
    Пн-Пт:9.00 - 18.00

Орталықтың құрылу тарихы

Орталық туралы

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға, АИТВ инфекциясының таралу қарқынын алдын алуға және төмендетуге, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарды білікті, мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын Денсаулық сақтау ұйымы болып табылады. 

Орталықтың құрылу тарихы

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 1989 жылғы 12 мамырдағы №343 бұйрығымен «Қазақ КСР-де ЖИТС-ның алдын алу қызметін ұйымдастыру туралы» ҚазСССР министрлігінің жанынан ЖИТС-ға қарсы күрес жөніндегі Комитет құрылды, оған елдегі ЖИТС проблемасы бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру жүктелді.

1994 жылғы 5 қазанда «ЖИТС ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шығарылды.

1994 жылғы 23 қарашада «ЖИТС ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР ДСМ №445 бұйрығы шықты.

1995 жылғы 20 желтоқсанда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық туралы ереже әзірленіп, бекітілді.

1990 жылы облыста ЖИТС-тің алдын алу қызметі ұйымдастырылды, алғашында оның ғимараты болмады. 1992 жылдың соңынан 1996 жылға дейін «Қазхимэлектромонтаж» ұйымының жалға алынған ғимаратында орналастырылды. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орталық Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Қазіргі ғимаратқа орналасқан. 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық бейімделген, 2 қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан, 1958жылы салынған, 1974 жылы қайта жаңартылған.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бірінші бас дәрігері А.К.Шегреев болды, ол орталықты 1990 жылдан 2000 жылға дейін басқарды, 2000 жылдан 2005 жылға дейін Р.С.Логвинова, 2005 жылы Н.А.Агзамов 6 ай, 2005 жылдың шілдесінен бастап 2010 жылға дейін Ж.С.Тілеумұратов, 2010 жылдан 2018 жылдың ақпанына дейін Г.М.Садықова басқарды. 2018 жылғы наурыздан бастап Орталықты Ж.Д.Сүлейменов басқарып келеді.

Бөлімдердің негізгі функциялары

    Эпидемиологиялық:

  •      АИТВ-инфекциясын     эпидемиологиялық қадағалау;

  •     АИТВ-инфекциясы     жағдайларын эпидемиологиялық тексеру,     қатынастағы тұлғаларды анықтау және     тексеру;

  •      Облыстағы     АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайын     талдау;

  •     АИТВ/ЖИТС-ке     қатысты эпидемиологиялық мәселелер     бойынша медициналық ұйымдарға және     басқа да мүдделі құрылымдарға     консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік     көмек көрсету;

  •     Донорлықтың     инфекциялық қауіпсіздігін бағалау;

  •     Облыстағы     халықтың осал топтарының санын бағалау;

  •     Ақтөбе     қаласында эпидемиологиялық қадағалау     жүргізу;

  •     Авариялық     жағдайлар кезінде АИТВ жұқтыру қаупіне     ұшыраған адамдарды есепке алу және     оларды белгіленген мерзімде тексеру;

Профилактикалық:


  •     Халықты     АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен     алдын алу әдістері туралы хабардар     ету;

  •     Әлеуметтік-психологиялық     сипаттағы мәселелер бойынша сенім     бекеттеріне (СБ) және достық кабинетіне     (ДК) жүгінген, инъекциялық есірткі     тұтынушыларының (ИЕТ) қауіпті мінез-құлық     топтарынан, ерлермен жыныстық қатынасқа     түсетін ер адамдар (ЕЖЕ) қызметкерлерінен,     секс қызметкерлерінен (СҚ)  АИТВ     инфекциясының жедел диагностикасын     жүргізу және кеңес беру;

  •     «Тең     теңімен» қағидаты бойынша жұмыс істеу     үшін ИЕТ, СҚ және ЕЖЕ еріктілерін даярлау     және оқыту;

  •     Қолданыстағы     бұйрықтарға сәйкес ДК СБ (мобильді және     стационарлық) қызметін ұйымдастыру;

  •     ҚАЖД,     ББ, ІІД ведомстволарының медициналық     қызметтеріне, МҰ, ҮЕҰ мекемелеріне және     т. б. консультативтік, практикалық және     ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек     көрсету;

  •     БАҚ-ты     тарта отырып, АИТВ/ЖИТС проблемаларына     арналған іс-шараларды ұйымдастыру және     өткізу;

  •     АИТВ/ЖИТС     алдын алу мәселелері бойынша хабардарлық     деңгейін зерделеу мақсатында әлеуметтік     зерттеулер жүргізу;

  •     Сауалнама     әзірлеу, сауалнаманы өңдеу және талдау;

  •     Өнеркәсіптік     кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың     жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС алдын алу     бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және     жүргізу;

  •     АИТВ/ЖИТС     алдын алу бойынша әртүрлі ведомстволардың     мамандарын, мектептердің, орта және     жоғары оқу орындарының педагогтары     мен оқушыларын оқытуды ұйымдастыру.

Ұйымдастыру-әдістемелік:

  •     Орталықтың     құрылымдық бөлімшелерінің, медициналық     және қоғамдық ұйымдардың назарына     жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын,     өкімдері мен нұсқаулық-әдістемелік     нұсқауларын жүйелі түрде жеткізу;

  • Нормативтік-құқықтық     актілерді уақтылы орындау;

  • Нормативтік     – құқықтық актілердің, Оқу құралдары     мен әдістемелік ұсынымдардың жобаларын     әзірлеуге қатысу;

  • Жергілікті     атқарушы органдармен, денсаулық сақтауды     басқару органдарымен, түрлі ведомстволармен     және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп     АИТВ инфекциясы проблемасы бойынша     профилактикалық бағдарламаларды     әзірлеуге қатысу;

  • Үйлестіру     кеңестерінің отырысына АИТВ/ЖИТС     мәселелері бойынша материалдар дайындау; 

  • АИТВ/ЖИТС     мәселелері бойынша алқаны, емдеу –     алдын алу кеңестерін ұйымдастыру және     өткізуге қатысу;

  • АИТВ/ЖИТС     бойынша облыстағы эпидемиологиялық     жағдай туралы ақпараттық бюллетеньдер     дайындау;  

  • АИТВ/ЖИТС     мәселелері бойынша конференциялар,     семинарлар, съездерге қатысу және     ұйымдастыру;

  • ҚР     ДСМ белгілеген орталықтың қызметі     туралы статистикалық есептілік шегінде     арнайы статистикалық әзірлемелерді     жүзеге асыру;

  • Қазақстан     Республикасының нормативтік актілеріне     сәйкес орталықтың қызметі туралы     статистикалық есептерді ұйымдастыру     және жасау;

  • Халықтың     АИТВ-ға осал топтары үшін профилактикалық     бағдарламалардың тиімділігін     мониторингілеу және бағалау.


Зертханалық:

  • 3-4     деңгейдегі     диагностикалық тест жүйелерін пайдалана     отырып, ИФА (иммуноферменттік талдау)     әдісімен АИТВ-ға жиынтық антиденелерді     анықтауға арналған Серологиялық     зерттеулер (скрининг); 

  • АИТВ-ға     қарсы антиденелерге алғашқы оң     сарысуларды ИФА әдісімен     талдау; 

  • АИТВ-инфекциясын     зертханалық диагностикалаудың 2 және     3 кезеңдерін жүргізу үшін оң сарысуларды     ЖИТС     РО     референс-зертханасына верификациялауға     жіберу;

  • АИТВ-ға,     «С» гепатитіне,  ДЭН жүргізу кезінде     мерезге капиллярлық қанның құрғақ     тамшысымен (СККК) ИФТ әдісімен зерттеу;

  • ИФА-парентеральды     гепатиттердің, оппортунистік     инфекциялардың диагностикасы:          

а) «В» гепатитінің маркері (HBsAg);

б) «С» гепатитінің жалпы антиденелері (ahcv);

в) цитомегаловирустық инфекция (CMV);

г) қарапайым герпес вирусы (HSV);

д) токсоплазмоз (ТОХО);

е) мерез (жалпы антиденелер).

сондай-ақ: 

Жалпы клиникалық:


  • гематологиялық;

  • биохимиялық     зерттеулер;

  • Иммундық     статус көрсеткіштерін анықтау: ағындық     цитометрия әдісімен СД4, СД3,     СД8-Т-лимфоциттер; 

  • Облыстық     қан орталығынан (ОҚО)     жеткізілген сынамалардың оң нәтижелерін     АИТВ инфекциясына верификациялау.


Емдеу-профилактикалық:


  •     Облыстың     медициналық ұйымдарына АИТВ/ЖИТС алдын     алу, диагностикалау және емдеу мәселелері     бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек;

  •     Медицина     қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы     мәселелері бойынша Халыққа тестілік     психоәлеуметтік консультацияға (ПӘК)     дейін және одан кейінгі дағдыларға     үйрету;

  •     АИТВ-инфекциясымен     өмір сүретін адамдарды (АӨСА) есепке     қою және диспансерлік бақылау;

  •     Клиникалық     және зертханалық көрсеткіштер бойынша     вирусқа қарсы ем (антиретровирустық     -АРВ-терапия) тағайындау үшін АӨСА     іріктеу;

  •     АРВ     препараттарын қабылдау мониторингі;

  •     АИТВ     жұқтыру қаупі бар авариялық жағдайларда     алдын алу мақсатында АРВ препараттарын     тағайындау;

  •     Қайталама     инфекциялардың алдын алу және емдеу;

  •     АИТВ-инфекциясының     анадан балаға берілуінің алдын алу;

  •     Жүкті     әйелдерді есепке алудың уақтылы     жүргізілуін және оларды тиісті мерзімде     АИТВ-инфекциясына тексеруді бақылау;

  •     Тексерусіз     босануға түскен жүкті әйелдердің     АИТВ-инфекциясына жедел тестілеудің     жүргізілуін бақылау;

  •     Диагноз     қойылғанға дейін АИТВ-ға оң нәтиже     берген кезде стресстік реакцияны жеңу     бойынша психопрофилактикалық жұмыс.