• Телефон Доверия:
    8 (7132) 21-31-97 (анонимно)
    Телефон приемной:
    8 (7132) 21-01-78

  • Часы работы
    Пн-Пт:9.00 - 18.00

Пациенттің ақпараттандырылған келісімі

Пациенттің дербес деректерді пайдалануға келісімі.
1 Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қорғауды қамтамасыз ету:
Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2 Мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында дербес медициналық деректері бар электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануға жол берілмейді.
3 Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардан алынған ақпарат тек лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде пайдаланылады.

Ескерту:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексі", 62-бап
АИТВ-инфекциясына зерттеудің оң нәтижесі болған кезде адамнан электрондық бақылау жүйесіне (бұдан әрі – БЖ) дербес деректерді енгізуге жазбаша хабардар етілген келісім алынады. Бақылау жүйесіне дербес деректерді енгізуден бас тартқан кезде: иммундық блот нөмірі мен күні, инициалдары, туған күні, эпидемиологиялық анамнез деректері енгізіледі.

Ескерту:
«АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 Бұйрығы 1-тарау, 24-тармақ