26
февраль 2021
«Жас дәурен» денсаулық орталығына арналған семинар
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы профилактикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева 24 ақпанда №6 қалалық емхана жанындағы "Жас дәурен" жастар денсаулық орталығына семинар өткізді.
Жастар денсаулық орталығының мамандары терапевт, психолог, СӨС дәрігері, акушер-гинекологқа АИТВ-инфекциясының профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік құжаттармен таныстырды.