Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі өкілдеріне арналған семинар кеңес

26 ақпан күні «Ақтөбе облысының қылмыстық атқару жүйесінде АИТВ-жұқпасын алдын алу»тақырыбында қылмыстық атқару жүйесі және Полиция департаменті өкілдеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинарда «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары» № 211 бұйрығы бойынша ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері С.Муртазин және бас бостандығынан айыру мекемелерінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау, алдын алу жұмыстары бойынша емдеу алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г.Дусеева, профилактикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева баяндамалар жасады.
Семинарға барлығы 12 адам қатысты.

