АИТВ-мәртебесі

Әркімнің АИТВ мәртебесі бар, тек кейбіреулерінде оң, ал басқаларында теріс. Алайда оны білу керек:
Біріншіден, қорқыныш пен белгісіздікті тоқтату. Егер сіздің өміріңізде АИТВ-ны жұқтыру қаупімен байланысты жағдайлар болса, тест тапсыру арқылы сіз вирустың ағзаға енгенін немесе кірмегенін білесіз.
Екіншіден: Сізде АИТВ - инфекциясы бар болса да, жүктілікті жоспарлап сау баланы көтеруге және босануға.
Үшіншіден: уақытында қажетті медициналық көмекті ала бастаңыз, антиретровирустық емді қабылдау үшін және ЖИТС-тің дамуына жол бермеңіз. Сонымен қатар, Сіз АИТВ-ның оң мәртебесі туралы неғұрлым тезірек білсеңіз, өміріңізді ұзартуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік көп болады. Бүгінгі таңда бұл АИТВ-ның оң мәртебесі жағдайында да мүмкін.
Төртіншіден: АИТВ-инфекциясының басқа адамдарға берілуінің алдын алу.
Бесіншіден: оппортунистік инфекциялардың дамуына жол бермеу үшін.
АИТВ мәртебесін білу өте қарапайым.
Ең сенімді әдіс – тіркелген жері бойынша емханада АИТВ-ға қан талдауын тапсыру.

