Байланыстан кейінгі химиопрофилактика
Байланыстан кейінгі химиопрофилактика антиретровирустық препараттарды (АРВ) қабылдау болып табылады. Қазіргі уақытта химиопрофилактика үшін 3 АРВ препараттарының комбинациясы қолданылады. Дәрі-дәрмектерді таңдау және оларды қабылдау кестесін дәрігер тағайындайды. БКП жұқтыру қаупін растағаннан кейін мүмкіндігінше тез басталуы керек, бірақ 72 сағаттан кешіктірмей. БКП курсы - 30 күн. Бұл ретте тестке дейінгі және тестіден кейінгі кеңес берумен АИТВ - ға тестілеу жүргізу, сондай-ақ диспансерлік бақылау мен қолдауды қамтамасыз ету қажет.
БКП 100% тиімді болып табылмайды және АИТВ-инфекциясының дамуының алдын алуға кепілдік бермейді, профилактика берілу тәуекелін төмендетуге бағытталған, бірақ осы тәуекелді толық жоюға мүмкіндік бермейді.
Алайда, инфекция қаупін бағалау және байланыстан кейінгі химиопрофилактиканы тағайындау мүмкіндігін тек маман ғана жүргізуі керек.