«Болашақ» жастар денсаулық орталығына арналған семинар
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева 14 сәуірде Мәртөк аудандық ауруханасы жанындағы "Болашақ" жастар денсаулық орталығына онлайн семинар өткізді.
Жастар денсаулық орталығының мамандарына психолог, СӨС дәрігері және әлеуметтік қызметкеріне АИТВ-инфекциясының профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді, онда өткізілетін іс-шаралардың сапасына көп көңіл бөлінді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары және Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.