19
апрель 2021
Студенттермен кездесу
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары А.Жайлаубаева мен Д. Уразалинова Жайсаң көпсалалы колледжінің студенттерімен ZOOM форматында онлайн кездесу өткізді. Спикерлер студенттерді АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу және емдеу тәсілдері туралы таныстырды. Мамандар АИТВ-инфекциясы туралы толық білім өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретініне ерекше назар аударды. Іс-шараға барлығы 37 студент қатысты.