19
апрель 2021
Мәртөк аудандық полиция бөліміне арналған семинар
14 сәуірде Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Уразалинова Мәртөк аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына онлайн форматта семинар өткізді. Спикер өз сөзінде Ақтөбедегі АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, факторлары, оның алдын алу және емдеу тәсілдері туралы айтып берді. Сондай-ақ, маман "апаттық жағдайлар" кезінде байланыстан кейінгі алдын алу туралы айтып берді. Іс-шараға барлығы 19 адам қатысты.