20
апрель 2021
АИТВ-ның инъекциялық берілу жолы
Инелерді немесе шприцтерді қайталап немесе бірге пайдалану-АИТВ жұқпасына әкелуі мүмкін. Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар арасында берілу қаупін әрдайым жаңа бір рет қолданылатын инелер мен шприцтер қолданылса немесе қолданар алдында қайта пайдалануға болатын инелер/шприцтер дұрыс зарарсыздандырылса, айтарлықтай азайтуға болады. Медициналық мекемелерде берілу жиілігін азайту үшін медицина қызметкерлері әмбебап сақтық шараларын сақтауы керек.