23
апрель 2021
АИТВ-инфекциясының емі
АИТВ-инфекциясын емдеу үшін антиретровирустық препараттар қолданылады. Олар АИТВ-инфекциясымен күреседі, адам ағзасында вирустың көбеюіне жол бермейді. Егер АИТВ-мен өмір сүретін адам тиімді антиретровирустық ем қабылдаса (вирустық жүктеме белгісіз деңгейге дейін төмендетілсе), ол АИТВ-ны басқа адамға бермейді.