АИТВ-инфекциясына жасырын тексеру
20 сәуірде ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева мен эпидемиолог дәрігер Д. Уразалинова «Рика Тв» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында спикерлер тіркелген жері бойынша емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарында жасырын экспресс әдіспен АИТВ-инфекциясына жастарды зерттеу мүмкіндігі және 2021 жылғы 3 айдағы Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.
2021 жылдың 3 айында ҚР азаматтарының ішінен АИТВ-ның оң 12 жағдайы тіркелді. Оның ішінде әйелдер-3, ерлер-9. Берілу жолдары: гетеросексуалдық жол-7, гомосексуалдық жол-3, парентеральды жол-2.