05
май 2021
АИТВ мен ЖИТС арасындағы айырмашылық неде?
АИТВ-инфекциясы-адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру. ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы-АИТВ-инфекциясының ұзақ өтуінен туындаған айқын иммун тапшылығы аясында адамда дамитын ауыр жағдай. Иммунитеттің едәуір төмендеуі бар адам ЖИТС-пен байланысты деп аталатын бір немесе бірнеше ауыр ауруларды дамытады. Дәл осы аурулар АИТВ-позитивті пациенттердің өліміне әкелуі мүмкін. АИТВ-ны ағзадан шығару мүмкін емес, бірақ антиретровирустық препараттармен емдеуді уақтылы бастау арқылы ЖИТС-тен сақтануға болады.