АИТВ-ның парентеральді берілу жолы
АИТВ-ны парентеральді тәсілмен беру көбінесе инъекциялық есірткі тұтынушыларда" пайдаланылған " шприцтер арқылы жүргізіледі. Инфекция бір шприцті бірнеше адам қолданғанда пайда болуы мүмкін, егер біреуінде АИТВ-жұқпасы болғанда. Соңғы онжылдықта осы жолмен жұқтырған адамдардың саны едәуір азайды, өйткені бір реттік шприцтер арзан және көпшілікке қол жетімді болды, сонымен қатар халықтың медициналық сауаттылығының артуына байланысты.
Бүгінгі күні медициналық мекемелерде гемотрансфузия (қан құю), инъекция және хирургиялық операциялар кезінде жұқтыру жағдайлары іс жүзінде жоқ. Кез-келген инъекция жасалғанда тек бір рет қолданылатын шприцтер мен системалар қолданылады, олар қолданғаннан кейін зарарсыздандырылып, өңделеді. Донорлар, сондай-ақ донорлық қан және оның компоненттері АИТВ-ға тексеріледі, ал инвазивті медициналық манипуляциялар кезінде мүмкіндігінше бір реттік медициналық құралдар пайдаланылады. Қайта пайдалануға болатын құралдар бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтеді.