16
октябрь 2018
Ақтөбе қаласындағы студенттерге арналған АИТВ-жұқпасының алдын алу дәрісі
2018 жылдың қазан айының 16-нда Ақтөбе музыкалық колледжінің жатақханасында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Уразалинова студенттер арасында «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мен АИТВ-жұқпасына экспресс әдіспен тестілеуден өтіп, мамандардың ақысыз кеңесін алуға болатын достық кабинетінің жұмысы туралы да айтылды.
Дәріс барысында студенттер арасында АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша хабардар болу туралы сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар ақпараттық-білім беру материалдары таратылды және бейнеролик көрсетілді.