Ер адамды сұндетке отырғызу АИТВ-инфекциясынан сақтайды ма?
Ер адамдарды сүндеттеу ер кісімен әйел арасындағы жыныстық қатынас кезінде АИТВ-ны жұқтыру қаупін шамамен 60% төмендетеді. Бұрын жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сүндетке отырғызудың денсаулыққа тигізетін пайдасы көп, соның ішінде сүндеттелген ер балаларда зәр шығару жолдарының инфекциясы төмендейді және қабынудың жекелеген түрлерінің қаупі азаяды.
Ғалымдардың айтуы бойынша, ер адамдарды сүндетке отырғызу АИТВ-мен, сондай-ақ басқа жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен ауыру қаупін азайтуы мүмкін, өйткені бұл вирустың әсіресе осал болатын тері қабығын алып тастауды талап етеді және сонымен қатар, жыныстық қатынас кезінде тері астындағы аймақ қажалып немесе зақымдалады. Ерлерді сүндетке отырғызу әрдайым АИТВ-ның алдын-алудың жалпы пакетінің бөлігі ретінде қарастырылуы керек және ешқандай алдын-алу әдістерін, мысалы, ерлер мен әйелдердің презервативтерін алмастырмайды.