Облыс әкімі үздік дәрігерлерді марапаттады
18 маусымда Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік медицина қызметкерлерін грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Салтанатты жиынға Денсаулық сақтау саласының ардагерлері, денсаулық сақтау басшысы, "Senim" медицина қызметкерлері кәсіподағының басшысы және медицина ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты. Үлгілі қызметі және медицина саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін біздің дәрігер эпидемиолог Муртазин Самат Хабиевич алғыс хатпен марапатталды. Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы оны осы марапатпен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілейді.