АИТВ-мен күрестегі дің жасушаларының пайдасы
Калифорния университетінің бір топ ғалымдары вирустың мөлшерін азайтып, ағзаның вирусқа қарсы иммунитетін жоғарылататын және АИТВ-мен зақымдалған лимфоидты ішек фолликулаларын қалпына келтіретін дің жасушалардың ерекше түрін тапты, деп жазады News Medical. Зерттеу приматтарда жүргізілді.
Ғалымдардың мақсаты Иммунитетті жоғарылату жолдарын дамыту және иммундық жүйеге вирусты өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болды.
Зерттеу
Ғалымдар сүйек кемігінен алынған дің жасушаларды иммунитеті бұзылған және инфекцияға байланысты ішек қызметі бұзылған ЖИТС сатысындағы макакаларға енгізді.
Сынақ барысында дің жасушалары:
* шырышты қабықтың зақымдалған бөліктерін өзгертеді және қалпына келтіреді;
* вирусқа қарсы антиденелер мен Т жасушаларының тез өсуін тудырады;
* лимфоидты фолликулалардың қалпына келуіне ықпал етеді.
Дің жасушалары АРВ терапиясын толықтырады. Антиретровирустық препараттар вирустық инфекцияны тоқтата алады, бірақ зиянды қалпына келтіре алмайды. Дің жасушалар иммундық жүйенің өміршеңдігін қалпына келтіре алады.