14
июль 2021
Олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлеріне арналған дәріс.
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Уразалинова д. олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлеріне дәріс өткізді. Дәрісте эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу шаралары айтылды. Тыңдаушылар АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша өзекті ақпарат және осы тақырып бойынша сұрақтарға жауаптар алды. Дәріске 25 адам қатысты.