«Постковидті» оңалту.
Халыққа мамандандырылған аллергологиялық және пульмонологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және пациенттердің білікті мамандандырылған медициналық көмек алуы үшін 2019 жылдан бастап Ақтөбе медициналық орталығы базасында 40 төсектік Облыстық респираторлық медицина және аллергология орталығы ашылды.
Қазіргі уақытта көп бейінді стационардың құрамында аллергологиялық, пульмонологиялық кереуеттер жұмыс жасайды және ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «постковидті» оңалтуға арналған кереуеттер ашылды. Бұл ретте Covid-19-бен ауырған пациенттерді емдеуге жатқызу тұрғылықты жері бойынша емхананың жолдамасы бойынша алдын ала тексеруден кейін портал арқылы жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады. Оңалту бағдарламасы шеңберінде жай-күйін, ілеспе патологияның болуын ескере отырып, бейінді мамандардың консультациясы қажет болған кезде науқастың оңалту мәртебесін бағалау жүргізіледі.
Науқастар физиотерапиялық процедуралар кешенін, физиотерапия жаттығуларын және бейінді бөлімше жағдайында массаж алады. Есепті кезеңде біздің стационарда 51 пациент оңалтудан өтті, оның ішінде 35 әйел және 16 ер адам, орташа жасы 54 жасты құрады, оның ішінде аудан тұрғындары 30% құрады. Респираторлық медицина бөлімшесінің қызметкерлері (бөлімше меңгерушісі, пульмнолог-дәрігер Есекеева Светлана Хасеновна) Функционалдық диагностика бөлімшесімен бірлесіп (бөлімше меңгерушісі Бекбергенова Гульсана Иглямовна) пациенттерді сапалы оңалтуды қамтамасыз етеді.