Медицина қызметкерлерін пациенттердің қауіпсіздігі бойынша білім деңгейін және практикалық дағдыларын бағалау
З.С.Хайруллинаның басшылығымен сапа менеджменті қызметі ағымдағы жылдың 20 мамыры мен 27 мамыры аралығында қызметкерлерді стандартты операциялық рәсімдер бойынша кезекті аттестаттаудан өткізді. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында пациенттердің құқықтарын қорғауды және манипуляциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы рәсімдерді сақтау бойынша бөлімшелер қызметкерлерінің білімін бағалау бейінді бөлімшелердің қатысуымен сессия форматында жүргізіледі.
Сұхбаттасу барысында Комиссия мүшелері қызметкерлердің білім деңгейін тексереді және анықталған ескертулерді талқылай отырып, «қателіктермен жұмыс» жүргізеді. Сапа менеджменті қызметі жұмысының мақсаты ішкі жұмыс процестерінің ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін тұрақты бақылауға, оқиғаларды дер кезінде тіркеуге, процедураның сапасы және қауіпсіздіктері бойынша персоналды оқытуға бағытталған.