Базалық және кеңейтілген реанимация дағдыларына оқыту.
Ақтөбе медициналық орталығының бастамасы бойынша 2021 жылғы 1 маусым мен 3 маусым аралығында Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді стационары мен Жедел медициналық көмек ауруханасының қызметкерлерін қиын жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша оқыту үшін көшпелі цикл ұйымдастырылды.
Мұндай оқыту жүйелі негізде қызметкерлер құрамының ересектер мен балаларда (BLS, ACLS, PALS) базалық, кеңейтілген реанимация бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Айта кету керек, мамандар жұмыс берушінің қаражаты есебінен біліктілікті арттыру жоспары аясында білім алуда.
Аталған циклде 70 қызметкер (реанимациялық бөлімшелердің, қабылдау бөлімшелерінің, босандыру қызметінің, бейінді бөлімшелердің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы) оқиды.
Оқытудың мақсаты: барлық деңгейлерде шұғыл көмек көрсету сапасын жетілдіру, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге ұдайы дайындықты қамтамасыз ету.
Дәріскер ретінде халықаралық реанимация және шұғыл көмек стандарттары бойынша сертификатталған нұсқаушы Кунызбаева Маргарита – жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог, «Кәсіпқой» Ұлттық үздіксіз білім беру орталығының оқытушысы (Алматы қ.), халықаралық санаттағы провайдер шақырылды, Израильде, АҚШ-та оқудан өткен.
Цикл барысында оқыту біздің орталықтың көп бейінді стационарында және Жедел медициналық жәрдем ауруханасында шағын топтарда жүргізілді, тыңдаушылар үшін қызықты презентациялар ұсынылды, мамандар өздерінің теориялық білімдерін кеңейтті және сонымен қатар симуляторларда реанимация бойынша практикалық дағдыларды пысықтады. Бұдан әрі осы циклде оқытылған қызметкерлер сертификат алып, өз бөлімшелерінде базалық және кеңейтілген реанимация көрсету бойынша персоналды каскадты оқытуды жалғастырады деп жоспарлануда. АМО басшылығы «Кәсіпқой» білім беру орталығына ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдіреді.