18
июнь 2021
Медицина қызметкерлерінің күні.
Кәсіби мереке құрметіне Ақтөбе медициналық орталығында салтанатты жиналыс өткізілді. Бас дәрігер Е.Б.Султангереев, медициналық директор А.Б.Есенжулова, СМҚ басшысы З.С.Хайруллина құттықтау сөз сөйледі.
Осы мереке күні адал еңбегі үшін 11 қызметкерге медальдар, 28 қызметкерге Құрмет грамоталары, бөлімшелерге сыйлықтар: тұрмыстық техника, компьютерлер, тәттілер сыйға тартылды
Мерекелеріңізбен, қымбатты әріптестер! Жұмыста сәттілік және бақыт тілейміз! Аман-сау болыңыздар!