19
июль 2021
АИТВ тестін қайда тапсыруға болады?
Сіз әрдайым келесі медициналық мекемелерде тестілеуден өтіп, АИТВ статусын біле аласыз:
- 1. ЖИТС орталығы. Жамбыл 4 мекен-жайы бойынша АИТВ-ға тексерілуден тегін өтуге болады.
- 2. Емхана. Егер белгілі бір себептер бойынша сізде ЖИТС орталығына жүгіну мүмкіндігі болмаса, онда АИТВ-ға талдауды сіз тіркелген емханада, сондай-ақ тегін негізде тапсыруға болады.
- 3. Жеке клиникалар мен зертханалар. Егер алғашқы екі нұсқа да сізге сәйкес келмесе, онда тестілеуді жеке клиникада немесе зертханада ақылы түрде өткізуге болады.