26
июль 2021
АИТВ-ның алдын алудағы ҮЕҰ рөлі.

Халықтың АИТВ-ға аса осал бірнеше негізгі топтары бар және олар көбінесе медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. ЮНЭЙДС бойынша бұл топтарға келесі адамдар жатады:
- Ерлермен жыныстық қатынастары бар ерлер;
- Коммерциялық секс қызметкерлері мен олардың клиенттері;
- Трансгендерлік тұлғалар;
- Инъекциялық есірткіні тұтынушылар;
Осы адамдар арасында АИТВ инфекциясының таралу деңгейі жоғары, ал олардың арасында алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру қиын. Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың осы топтары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын АИТВ/ЖИТС-қе қарсы күрес саласындағы үкіметтік емес ұйымдар көмекке келеді.
ҮЕҰ сенімді қарым-қатынас орната алады, АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы әңгіме өткізіп, жедел тестілеу өткізіп немесе адамды мамандардың қызметтерін алу үшін ЖИТС орталығына жібере алады, сондай-ақ жай ғана қиын жағдайға тап болған адаммен сөйлесіп, қолдау көрсете алады.

