29
июль 2021
"Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы қызметкерлерімен кездесу
28 шілде күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Жайлаубаева Айжан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты-АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша хабардарлық деңгейін арттыру және өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру. Маман тегін және жасырын түрде тестілеуден өтуге және кеңес алуға болатын орталықтың жұмысы туралы айтып, тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы таныстырды.
Кездесуде тұрғындар үшін АИТВ инфекциясы туралы дұрыс және шынайы ақпарат берудің маңыздылығы атап өтілді.