29
июль 2021
Аутрич қызметкерлеріне арналған психологиялық семинар-тренинг
23 шілде күні ЖИТС орталығының психологы Басагарина Анаргуль аутрич қызметкерлеріне психологиялық семинар-тренинг өткізді. Семинардың тақырыбы "АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мен кемсітуді азайту" болды.
Семинардың мақсаты: қатысушылардың АИТВ-ға шалдыққан адамдарға қатынасының этикалық нормаларын қалыптастыру. Психолог қоғамның АИТВ жұқтырғандарға деген теріс көзқарасының мысалдарын келтірді, аутрич қызметкерлерімен бірге АИТВмен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынас жағдайын үлгіледі, сондай-ақ олардың конституциялық құқықтары туралы еске салды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар психологиялық тренингке баға берді, материалды игерудің тиімділігі үшін өз ұсыныстарын білдірді және осындай тренингты қайталауға ниет білдірді.