02
август 2021
Жас аналармен кездесу
29 шілде күні Аналар үйінде алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева жас аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жұқтырудың алдын алу және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу туралы айтып берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Ол тексеруге үлкен мән берді, тестілеуден не үшін өту керектігін, АИТВ-инфекциясына қанды қайда және қашан тапсыруға болатынын айтты.