04
август 2021
Волонтерлермен кездесу.
3 тамыз күні ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева "Еріктілер лигасы"қозғалысының қатысушыларымен кездесу өткізді. Маман жастарға адамның иммун тапшылығы вирусының не екенін, берілу жолдары қандай және осы аурудан өзін қалай қорғауға болатындығын айтты. Іс-шараға қатысушылар талқыланған тақырыпқа шынайы қызығушылық танытты, АИТВ-инфекциясының таралу жолдарының ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойды. Іс-шара соңында еріктілер АИТВ-инфекциясының алдын алуға өз көмектерін ұсынды.