05
август 2021
Кәсіподақтар бірлестігі қызметкерлерімен кездесу.
5 тамызда алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Ақтөбе облысының Кәсіподақ орталығының қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараның тақырыбы "АИТВ-инфекциясы: ерекшеліктері және алдын алу шаралары".
Кездесу барысында маман жалпы АИТВ-инфекциясы және берілу жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ тыңдаушыларды облыс бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, бүгінгі күні алдын алу АИТВ инфекциясымен күресудің жалғыз тәсілі болып табылатынын еске салды.