Ақтөбе облысында 31.07.2021 жылға АИТВ/ЖИТС бойынша қысқаша эпидемиологиялық жағдай.
Өсу қорытындысымен (1989 жылдан бастап) облыста АИТВ жұқтырған 602 азамат тіркелді, оның ішінде ҚР азаматтары (1 қандасты қоса алғанда) -499, жасырын анықталғаны-24, шетелдіктер - 78, азаматтығы жоқ тұлғалар - 1. Облыс АИТВ-инфекциясының таралуы салыстырмалы түрде төмен ҚР өңірлеріне жатады (ел бойынша 14-орын). 20-29 жас аралығындағы топ басым – 197 (39,4%), ерлер - 309 (61,9%), әйелдер - 190 (38,07%), жұмыс істейтіндер – 186 (37,2%), жыныстық жол – 337 (67,5%). 15 - тен 49 жасқа дейінгі халық арасында АИТВ таралуы - 0,079% құрады (2021 жылға болжам бойынша-0,09%).
2021 жылдың 7 айында барлығы-30 жағдай тіркелген, олардың барлығы ҚР азаматтары, анықталған тұлғалардан: ерлер – 22, әйелдер – 8. АИТВ инфекциясы: гетеросексуалдық жолмен – 16, гомосексуалдық жолмен – 5, парентеральды инъекциялық есірткіні қолдану арқылы – 7 және анықталмаған жолмен - 2. Жұмыс істейтіндер-11, жұмыс істемейтіндер-12, сотталғандар-3, ОАОО және ЖОО оқушылары-1, зейнеткер-1 және анықталмаған-2.
Жасы 21-ден 59 жасқа дейін.
2021 жылғы шілдеде 5 жағдай тіркелді, олардың барлығы ҚР азаматтары. Анықталғандардың ішінде: ерлер-4. Инфекция гетеросексуалдық жолмен – 3, инъекциялық есірткіні қолданған кезде парентеральды жолмен – 2 болды. Жұмыс істейтіндер-2, жұмыс істемейтіндер-2, зейнеткер-1