10
август 2021
АИТВ-ға міндетті тексерілу.
АИТВ-ға тестілеу көп жағдайда ерікті түрде болады. Бірақ АИТВ-ға тексерілу міндетті болып табылатын жағдайлар да болады.
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 162-бабының 2-параграфына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексерілуге келесі тұлғалар жатады:
1) қанның, оның компоненттерінің, ағзалардың (ағзаның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;
2) прокуратура, тергеу органдарының және (немесе) соттың сұрау салулары негізінде адамдар;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдар;
4) бас бостандығы шектеулі, сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар.