13
август 2021
АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау. 2 бөлім
1. АИТВ-инфекциясы анықталған жағдайда "АИТВ-инфекциясы" диагнозы белгіленген жұмыскерлер жұмыс берушінің тері жабындарының немесе шырышты қабаттардың бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстыруына жатады.
2. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіру, өткеру және одан шығару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. АИТВ инфекциясын жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.