Мен АИТВ-мен 5 жыл өмір сүріп келемін.
Мен АИТВ-мен 5 жыл өмір сүріп келемін. Терапия қабылдаймын. Егер адам АРТ қабылдаса вирустың мөлшері азаяды, ол басқа адамға жұқтыра алмайды. Таблеткаларды уақытында қабылдау керек және жіберіп алмау керек. Мен өз статусымды кездейсоқ білдім. Денемде бөртпе пайда болып тері -венерологиялық диспансерге тексерілуге бардым, мерез жұқтырған болармын деп ойладым. Олар маған АИТВ -ға тест тапсыру керектігін айтты. Маған бірінші рет өз мәртебем туралы айтқан кезде қиын болды, қорқыныш пайда болды, қазір уақыт өте келе мен оған үйрендім. Бүгігнгі күні өзімді жақсы сезінемін. Басқа адамдар секілді өмір сүріп жатырмын. Ең бастысы - диагнозды қабылдап, әрі қарай өмір сүру. Кейде адамдар диагнозды қабылдағысы келмейді және терапияны қабылдамайды, бұл өлімге әкелуі мүмкін. Әр адам өз тағдырын өзі шешеді. Мен үйленгенмін, баламыз бар, әйелім мен балаларым ауырмайды. Ата -анам, туыстарым мен достарым менің статусым туралы біледі, мені сол күйімде қабылдайды және жақсы көреді. Бұл маған күш пен өмір сүруге ерік береді.