09
сентябрь 2021
«Батыр» спорт клубына дәріс
7 қыркүйек күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева кекушинкай каратэ "Батыр" спорт клубының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жолмен жұғудың алдын алу туралы айтып берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін, қанды қайда және қашан тапсыруға болатындығы туралы ақпарат берді.