20
ноябрь 2018
ЖИТС орталығының аутрич-қызметкерлерімен кездесу
2018 жылдың қараша айының 20-нда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева мен дәрігер-эпидемиологы А.Артықбаева, инемен есірткі тұтынушылар (ИЕТ) арасында аутрич-қызметкерлермен дөңгелек үстел өткізді.
Мамандар ИЕТ–мен жүргізілетін алдын алу бағдарламалары туралы айтты. Сонымен қатар ЖИТС-пен күрес күнінің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді. Әрі аутрич-қызметкерлерге ИЕТ-ды АИТВ-жұқпасына тексеру үшін медициналық мекемелерге алып келуге тарту мақсатында жұмылдыруға тілек білдірді. ИЕТ-лар АИТВ-жұқпасын жұқтыру және одан әрі берілуі қаупіне неғұрлым бейім осал топқа жатады.
Аутрич-қызметкерлердің жұмысы осал топтар арасындағы жұмысты жақсартуға оң ықпал етеді.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел соңында аутрич-қызметкерлердің жұмысты жақсартуға арналған ұсыныстары мен сауалдары да қаралды.