Атақты адамдар мен белсенділер әлемдік көшбасшыларды АИТВ індетінің таралуына ықпал ететін теңсіздікті жоюға шақырды
Женева / Нью-йорк, 2 шілде, 2021ж. - ЖИТС-тің алғашқы жағдайлары туралы хабарланғанына 40 жыл толғанда, атақты адамдар мен АИТВ-ға қарсы белсенділер қатысқан жаңа фильм түсірілді. Бұл фильм 2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын тоқтату қажеттілігіне әлемдік көшбасшылардың назарын аударуға бағытталған науқанның бөлігі болып табылады. "Дүниежүзілік көшбасшыларға ЖИТС-ті жою туралы жолдау" фильмінде АИТВ эпидемиясы денсаулық сақтаудың жаһандық төтенше жағдайы болып қала беретіндігі және осы эпидемияға қарсы әрекет ету аясында тым көп адам "артта қалып отыр", өйткені эпидемияның шиеленісуіне әкелетін теңсіздік мәселесі шешілмейді. ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Винни Бьянимамен қатар роликте атақты адамдар және АИТВ-ға қарсы жаһандық қозғалыстың ұзақ уақыт жақтаушылары пайда болады, соның ішінде Кеннет Коул, Тумани Диабате, Юрий Джоркаеф, Дэвид Ферниш, Сэр Элтон Джон, Монако ханшайымы Стефания, Шерил Ли Ральф, Стефани Сейдо, Шарлиз Терон, Бриджит Туадера, Юсра және басқалар. Барлық ниет білдірушілер #EndInequalitiesEndAIDS хэштегі арқылы әлеуметтік желілердегі әлемдік көшбасшыларға өз хабарламаларын жіберіп, АИТВ эпидемиясымен күресте қол жеткізген жетістіктерін көрсететін және теңсіздікті азайту, ресурстарды жұмылдыру және АИТВ-мен өмір сүретін және одан зардап шеккен қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша шараларды күшейтуге шақыратын "Құрметті әлемдік көшбасшылар" хатына қол қою арқылы науқанға қосылуға шақырылады. Фильмге сілтеме https://endinequalitiesendaids.unaids.org/