16
сентябрь 2021
АИТВ инфекциясынан қорғану үшін не істеу керек
- Кез-келген жыныстық қатынас кезінде, мысалы, презервативті қолдану арқылы өзіңізді қорғаңыз;
- одан әрі берілудің алдын алу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, соның ішінде АИТВ-инфекциясына тестілеуден және емделуден өтіңіз;
- инъекциялық есірткіні қолданбаңыз, қолданған жағдайда, әрдайым стерильді инелер мен шприцтерді қолданыңыз;
- сізге қажет қан немесе қан өнімдерінің АИТВ-ға тексерілуін қамтамасыз етіңіз;
- егер сізде АИТВ-инфекциясы болса, мүмкіндігінше тезірек сіздің денсаулығыңыз үшін антиретровирустық терапияны бастаңыз және АИТВ-ның жыныстық серіктесіңізге немесе есірткі қолданатын серіктесіңізге немесе балаңызға берілуіне жол бермеңіз (егер сіз жүкті болсаңыз немесе емізетін болсаңыз);
- жоғары қауіппен байланысты әрекеттерді жасамас бұрын, қатынасқа дейінгі профилактиканы қолданыңыз; егер сіз кәсіби қызметпен байланысты да, басқа да жағдайларда да АИТВ-жұқтыру қаупім бар деп қорықсаңыз, байланыстан кейінгі профилактикаға жүгініңіз.