Өзіңізді короновирустан қалай қорғауға болады? АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған жадынама
Қолды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз (20 секунд).
Қолдарыңызды көзге, ауызға және мұрынға жиі тигізбеңіз.
Түшкіріп және жөтелген кезде, алақанмен емес, шынтақпен жабыңыз.
Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Home office бағдарламасына өтіп, достарыңызбен және жақындарыңызбен қашықтан байланыс орнатыңыз.
Егер үйден, мысалы, жұмысқа, азық-түлік немесе дәрі-дәрмекке шығу қажеттілігі туындаса, бір-бірінен кемінде 1 метр қашықтықта болу керек.
Қоғамдық орындарда маска киіңіз.
Covid-19 белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болыңыз.
Бөлмені жиі желдетіңіз.
Мүмкіндігінше COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өту.
Екпелерді уақытында алыңыз (бірінші кезекте, тұмау мен пневмококктан).
Антиретровирустық терапияның жеткілікті қоры болуы керек (1 айға).