17
сентябрь 2021
Шығармашылық орталығындағы дәріс
15 қыркүйек күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Talant studio шығармашылық орталығының мамандарына дәріс өткізді. Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік туралы айтты. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Аталған іс-шараның мақсаты халықтың АИТВ мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті жақсарту болып табылады.