АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу
АИТВ әйелден нәрестеге үш жолмен ғана жұғады:
1. Жатырішілік (әсіресе жүктіліктің соңында - 30 аптадан кейін).
2. Босану кезінде.
3. Ана сүтімен емізу кезінде.
Жүкті әйелде АИТВ-инфекциясын анықтау АИТВ-ның анадан балаға жұғуының алдын-алудың көрсеткіші болып табылады.
АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың максималды тиімділігі ананың қанындағы вирустық жүктемені анықталмайтын деңгейге дейін төмендету (жүктілік және босану кезінде) және баланың анасының биологиялық сұйықтықтарымен байланысына жол бермеу (босану кезінде және босанғаннан кейін - қан, қынаптан бөліну, емшек сүті).