21
сентябрь 2021
"Мейірім" әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу
2021 жылғы 17 қыркүйекте ЖИТС орталығының мамандары: алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева, дәрігер эпидемиолог Алтынай Артықбаева және эпидемиологтың көмекшісі Аққу Кенжеева "Мейірім" АОК тәрбиеленушілерімен "жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу"тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыс бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және қорғау шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, "өз АИТВ мәртебеңді біл" акциясы аясында ниет білдірушілер АИТВ-ға тестілеуден өтті.