23
сентябрь 2021
АИТВ және нашақорлық
АИТВ-ның қан арқылы берілуі қанның белгілі бір "дозасындағы" (порциясындағы) вирус мөлшеріне байланысты. Сондықтан ластанған ине, шприц немесе кез-келген басқа тесу құралы арқылы жұқтыру қаупі қан құюға қарағанда әлдеқайда төмен. Алайда, есірткіні тамыр ішіне қолданатын есірткі тұтынушылар арасында бұл жол маңызды орын алады, өйткені олар өте жиі қауіпке ұшырайды - күніне бірнеше рет. Нәтижесінде есірткі тұтынушылардың ортақ ине мен шприцтерді қолдануы көптеген елдерде (соның ішінде біздің республикада) АИТВ-инфекциясының таралуының басты себебі болды.