30
сентябрь 2021
«Табыс» базарының келушілері арасында АИТВ-ның алдын алу
9 қыркүйекте алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева "Табыс"коммуналдық базарының қызметкерлері мен келушілеріне радиолекция жүргізді. Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік туралы айтты. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Аталған іс-шараның мақсаты халықтың АИТВ мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті жақсарту болып табылады.