01
октябрь 2021
Ақтөбе автожол колледж студенттерімен кездесу
30 қыркүйек күні алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова "Автожол" колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жолмен жұғудың алдын алу туралы айтып берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін және қанды қайда тапсыруға болатындығы туралы ақпарат берді.