05
октябрь 2021
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу
5 қазан күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтып берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін және қанды қайда тапсыруға болатындығы туралы ақпарат берді.